19 Наурыз 2018, 03:33
2018 жылғы 12–17 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
13 наурызда Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда “Президенттің бес әлеуметтік бастамасын” іске асыру жөніндегі жол картасы, 2018 жылғы қаңтар–ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндама қаралды.
Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Астанада инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Сәрсенбі күні, 14 наурызда Бақытжан Сағынтаев мал шаруашылығы және кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.
15–16 наурызда Үкімет үйінде Премьер-Министр «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында электрондық денсаулық сақтауды және білім беруді дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.
Халықаралық жаңалықтар аясындағы маңызды шаралардың бірі — Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылуы болды. Салтанатты ашылу рәсіміне Орталық Азия елдерінің Мемлекет басшылары қатысты.
Сондай-ақ, осы аптада Астанада Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
13 наурызда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев «Шеврон Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыс. Барлау және Өндіру» президенті Джеффри Тодд Левимен кездесу өткізді.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында МЖӘ қағидаларына негізделген студенттер жатақханаларының құрылысы туралы және елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету мәселелері туралы баспасөз конференциялары өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу