Бақытжан Сағынтаев цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев экономиканы цифрландырудағы халықаралық тәжірибені қолдану туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуде цифрлық шешімдерді пайдалану жөнінде баяндады.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу