10 Сәуір 2018, 13:02
Бүгін Астанада ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Малайзия Елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахманмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Арыстан Қабыкенов қазіргі кезде іскерлік ынтымақтастықтың барлық қажетті базасы құрылғанын және Министрлік өз құзыреті шегінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін атап өтті.
Қазақстанда соңғы бес жылда бизнес-ортадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік берген елеулі реформалар жүргізілді. Дүниежүзілік банктің рейтингісінде «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» индексі бойынша Қазақстан 16 позицияға жоғарылап, 35 орында тұр. Бұған қоса, биыл Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетіне «қауымдасқан мүше» ретінде қосылады. Сонымен бірге инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша кешенді жұмыс жалғасын табуда, оның ішінде бірқатар жаңа заңнамалық бастамалар қабылданды.
«Біз екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге дайынбыз», — деді вице-министр, Қазақстанның Малайзия нарығына экспорттық өнімдерді жеткізуге мүдделі екенін жеткізе отырып.
Өз кезегінде Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри өзінің Қазақстанға іссапармен келу мақсатын елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жақсарту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, деп түсіндірді.
Анықтама: 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы $123,4 млн құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($82,9 млн) 33%-ке жоғары көрсеткіш. 2018 жылдың қаңтар айында тауар айналымының көлемі өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 27,9%-ке артып, $8,6 млн құрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу