06 Мамыр 2018, 08:57
Мемлекет басшысы медицина орталығының қызметімен танысып, клиника ұжымымен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Дәрігер емделушіге қамқорлықпен қарап, әсіресе, аналарды босандырғанда өзінің мейірімін дарыта білуі қажет. Бүкіл Қазақстан бойынша заманауи құралдармен жабдықталған көптеген медициналық орталықтар салынды. Дәрігер – ең ұлы мамандық екенін әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге табыс тілеймін!» — деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина техникаларын өндіруші Siemens, Karl Storz, General Electric, Drager, Hamilton және басқа да жетекші компаниялар ұсынған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар көрсетілді.
Анықтама: «Керуен–Medicus» жаңа ғимараты 2017 жылы салынды. Оның жалпы көлемі — 10 мың шаршы метр. Клиникада нақты уақыт режимінде 3D-форматындағы күрделі операциялар жасалады. Медициналық орталық Кореяның Severance Hospital, Германияның Freiburg University Klinik, Сеул ұлттық университетінің Бундан клиникаларымен, сондай-ақ Еуропаның жетекші клиникаларының өкілі — Puls Global компаниясымен кадр даярлау жөнінде ынтымақтастық орнатқан.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу