19 Мамыр 2018, 07:44
19 мамырда Астанада, «Назарбаев университетінің» ғимаратында QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады.
Съезд жұмысына QazaqGeography Қамқоршылық және Басқару кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ географиялық қоғамның белсенді мүшелері қатысты.

Съезде ұйымдастырушылық мәселелер, атап айтқанда, QazaqGeography Төрағасы — жаңа лауазымын енгізу мәселесі талқыланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша оған Асқар Ұзақпайұлы Мамин сайланды. Сондай-ақ, Төраға туралы ереже бекітіліп, ҚҰГҚ Жарғысына тиісті түзетулер енгізілді. Бұдан өзге, «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамды» дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.
Анықтама: 2013 жылғы қазан айында QazaqGeography Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы К. Қ. Мәсімовтың бастамасымен және қолдауымен құрылған QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ бес бағытта қызмет көрсетеді:
Қазіргі уақытта келесі өңірлерде 11 өкілдік ашылған: Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары. QazaqGeography өз жобаларын Еуразия Тобы (ERG), «Шығыстүстімет» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС демеушілік қолдауы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу