26 Мамыр 2018, 05:42
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында Астана қаласының 2018–2023 жылдарға арналған ықшам құрылысының кешенді жоспары талқыланды. Жоспарда жол-көлік инфрақұрылымын, елорданың жаңа көлік жүйесін (LRT), индустриялық парктерді дамыту, газдандыру, жылу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерін, су тарту, жауын-шашындық кәріз жүйесін дамыту мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, орта білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының құрылысы және қаланы көркейту мәселелері қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу