22 Тамыз 2018, 11:47
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2016–2020 жылдарға арналған Жекешелендіру бағдарламасы аясында Қордың кейбір активтерін IPO-ға дайындау мәселелері қаралды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2018 жылға арналған негізгі көрсеткіштері бекітілді.
ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы «Самұрық-Қазына» қорының негізі қаланды. Инвестициялық холдингтің міндеті — ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау. Қор қоржындық компанияларды олардың ұзақмерзімді құнын және тұрақты дамуын арттыру үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларын дамытуға инвестицияларды өткізу арқылы басқарумен айналысады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу