Виктор Темірбаев ҚР-ның Литвадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін Виктор Темірбаев Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде кеңесші-елші қызметін атқарған. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу