Б. Сағынтаев халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет пен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы шектелмелі келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша Еуропа қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Үйлестіру кеңесі ҚР Үкіметінің 2014 ж. 9 маусымдағы қаулысымен құрылды. Мақсаты —  Қазақстан Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы шектелмелі келісімдерді іске асыру.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу