Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Cәрсенбі күні, 8 мамырда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шаралары аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу