10 Наурыз 2026, 17:20
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында холдинг желісінің тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Бәйтерек холдингі өзінің еншілес ұйымдары Қазақстан тұрғын үй компаниясымен және Отбасы банкпен бірлесіп, 2025 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы 2,35 трлн теңге сомасында қолдау көрсетілгенін атап өтті. Қазақстан тұрғын үй компаниясының ағымдағы қаржы көздері мен нарықтық қарыздар есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау сомасы 707,5 млрд теңгені құрады. Бұл 3 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 35,6 мың пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Ел бойынша көппәтерлі тұрғын үйді іске қосудағы Қазақстан тұрғын үй компаниясының үлесі – 22%. 238,2 млрд теңге көлеміндегі облигациялық қарыздар нарықтық шарттармен тартылып, өңірлерге бағытталды, оның ішінде:
Осылайша, ағымдағы көздермен нарықтық қаражатты араластыру есебінен 1,8 млн. шаршы метр немесе кезекте тұрғандар үшін 23 мыңға жуық әлеуметтік пәтер белгіленген бағамен берілді. Сондай-ақ Ұлттық жоба шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды салу және жаңғырту үшін өңірлерге 29,3 млрд теңге көлемінде нарықтық қаражат бағытталды, бұл жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және су бұру жобаларын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлестік құрылысқа кепілдік беру тетігі және өз бағдарламалары шеңберінде 299,8 млрд теңгеге құрылыс салушылардың жобаларын қолдады, бұл 10 мың үлескердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді. Осы жылы Қазақстан тұрғын үй компаниясы арқылы қолдау сомасы 700 млрд теңгеден асып, шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2025 жылы Отбасы банк халыққа жалпы сомасы 1 трлн 645 млрд теңгеге 77 148 қарыз берді», — деді «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов.
Оның сөзінше 2026 жылы баспанаға мұқтаж 70 мыңнан астам отбасына Отбасы банктің барлық бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотекалық кредит арқылы 1 трлн 630 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беру жоспарланып отыр. Бәйтерек холдингі 2026 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 2,4 трлн теңге сомасында қолдау көрсетпекші.
Үлескерлердің құқықтарын қорғауға және нарықтық үлестік құрылысты одан әрі дамытуға бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданды, атап айтқанда:
Сонымен қатар азаматтарды хабардар ету мақсатында, «Қазтізілім» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, онда үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы бар және құқығы жоқ салынып жатқан объектілер туралы ақпарат ашық орналастырылған. Бүгінгі таңда, жүйеде 1,3 мың салынып жатқан үлестік құрылыс нысаны, 170 құрылыс салушы және 200 мыңнан астам үлестік қатысу шарттары тіркелген. Үлескерлер мен пайшылардың бірыңғай тізілімі жүргізіледі, сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу мәмілелерінің заңдылығы расталып, «қосарлай» сатудың алдын алады. 2026 жылғы қаңтардан бастап үлестік қатысу туралы тіркелген шарттар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру сервисі іске қосылды, бұл үлескерлер мен құрылыс салушылар арасындағы есеп-айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етеді, қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды күшейтеді және тұрғын үй салу кезінде ақшаны заңсыз тарту тәуекелдерін азайтады. Қазіргі уақытта сервиске екінші деңгейлі 10 банк қосылған.
Ыңғайлы болу үшін eGov Mobile және коммерциялық банктердің қосымшаларында үлестік құрылыс объектілерін тексеру функционалы іске қосылды, бүгінде осы қызметті 5 млн-нан астам адам пайдаланды. Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан тұрғын үй компаниясының базасында Material.kz порталы жұмыс істейді, мұнда тапсырыс берушілер мен жеткізушілер делдалдарсыз отандық құрылыс материалдарын тікелей сатып ала алады, сондай-ақ өңірлерге қажет өнімдер туралы ақпарат ала алады. Биыл Отандық тауар өндірушілер тізілімімен интеграция аяқталады. Отандық құрылыс материалдарын өндірушілерге онлайн-платформаға тіркелу туралы шақыру хаттары үнемі жіберіледі. Барлық отандық өндірушілер, соның ішінде үй құрылысы комбинаттары онлайн-платформаға тіркеліп, құрылыс материалдары бойынша өз өнімдерін орналастыра алады.
Бүгінгі таңда, Material.kz порталында 312-ден астам құрылыс материалдарын өндірушілер мен жеткізушілер тіркелген, 983 тауар жарияланған, 74 коммерциялық ұсыныс жіберілді. Бағаларды ашық көрсету, өндірушілердің бірыңғай базасын қалыптастыру және бәсекелесетін бағаны белгілеу есебінен құрылыс құнын төмендету мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға өңірлердегі құрылыс материалдарын өндірушілердің онлайн-платформаға тіркелуін қамтамасыз етуді тапсыру қажет. Ипотекалық бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде халыққа қолайлы болып, уақыттарын үнемдеу мақсатында Отбасы банктің базасында BASPANA MARKET жылжымайтын мүлік порталы жұмыс істейді.
Портал банк бөлімшесіне бармай-ақ ипотекалық бағдарламаларға қатысуға өтінім беруге және белгіленген бағамен пәтерлерді таңдауға мүмкіндік береді. Қатысушылар автоматты түрде есептелген ұпайлар бойынша іріктеледі, бұл адами факторға байланысты қателерді болдырмайды. «Наурыз» бағдарламасы шеңберінде құрылыс салушылар Порталда орналастырған 1 139 нысандағы 16 139 пәтердің 9 218-і сатып алынды. 2025 жылы Порталды 2 482 396 пайдаланушы және 2 010 тіркелген құрылыс салушы қолданған. Бүгінгі таңда Порталда 596 нысанда 7 225 пәтер брондау және сатып алу үшін қолжетімді. Осы жылы Отбасы банктің клиенттеріне ыңғайлы болу үшін Баспана порталында барлық өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша интеграциялық жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Халыққа қызмет көрсету уақытын қысқарту үшін Отбасы банк клиенттерге бейне-қоңырау арқылы үйде отырып банктік қарыз алуға өтінім беру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл қызмет клиенттердің уақытын едәуір үнемдейді, ипотеканы дәстүрлі рәсімдеу кезінде клиент Банк бөлімшесіне кемінде 5-7 рет баруы керек, ал бұл тәсілмен Банкке бір рет қана баратын болады. 2025 жылы Отбасы банк тұрғындарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жалпы сомасы 293 млрд теңгеден астам сомаға онлайн ипотека түрінде 10 мыңнан астам қарыз берді, бұл 2025 жылы берілген барлық кредиттердің 15%-ын құрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу