2030 жылға дейін еліміздің жазық өзендеріндегі су тасқыны қаупі бар учаскелерде 42 гидробекет салу жоспарлануда – ҚР ЭТРМ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысын қорытындылап, алдағы уақытқа көзделген іс-шаралар жоспарын белгіледі. 

Қазақстан Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенцияның және Париж келісімінің тарабы бола отырып, 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқарту жөнінде міндеттемелер қабылдады.

Өткен жылдың ақпан айында Мемлекет басшысының Жарлығымен экономиканың барлық секторларында декарбонизация бойынша шараларға қол жеткізу үшін негізін қалайтын Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді.

Атап айтқанда, стратегияға төмен көміртекті технологияларға және таза инвестицияларға инвестициялық қажеттілік 2060 жылға дейін шамамен 600 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл инвестициялар мемлекеттік те, халықаралық та, жеке де болуы мүмкін.

Өткен жылы Қазақстан қабылдаған метан бойынша Жаһандық міндеттеме бастамасын іске асыру үшін Дубайда COP-28-де келесі жұмыстар жүргізілуде.

Ірі халықаралық ұйымдармен және донорлармен өзара іс-қимыл шеңберінде метанды азайту жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін Қазақстанға шамамен $2 млн көлемінде инвестиция тартылды.

ҚР Орман кодексіне орман қоры мен бос жерлерде көміртекті офсеттік жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін және жаңа орман екпелерін отырғызуға және тозған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған түзетулер қарастырылған. Бұл елдің парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерін орындауға және 2 млрд ағаш отырғызу бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі СОР-29-ға дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және оның шеңберінде бірқатар құжаттар мен бастамаларға қол қою жоспарлануда. 2024 жылғы 22 мамырда Астана қаласында қазақстан тарапының төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрліктері мен ведомстволары басшыларының бесінші кеңесі өтті, оның қорытындысы бойынша 6 құжат бекітіліп, мақұлданды.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 20% құрады. Қазақстан Республикасы тұрақты органикалық ластағыштар жөніндегі Стокгольм Конвенциясының тарапы бола отырып, 2028 жылға дейін ел аумағындағы құрамында ПХД бар барлық қалдықтарды жоюға ерікті міндеттеме алды. Сот шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды жою бойынша жұмыс жалғасуда. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 1 жартыжылдықта 22,5% құрады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен, сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп 232,2 млрд теңге сомасына қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша 94 жобаны іріктеп алды. 136 млрд теңгеден астам 22 жоба алдын ала мақұлданды. Осы жобаларды іске асыру қайта өңдеуді жылына 1,2 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша әкімдіктердің мәліметтері бойынша 3 016 полигон бар, оның ішінде 21% талаптарға сәйкес келеді. Қолданыстағы ҚТҚ полигондарына қойылатын талаптарды оңайлату тетігі бекітілді. Атап айтқанда, жария етуге жататын ҚТҚ полигондарына қойылатын өлшемдер мен ең төменгі талаптар белгіленді. GPS-трекерлердің көмегімен қозғалысты қадағалау үшін қоқыс шығаратын ұйымдарды қосу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында ғарыштық мониторингтің қамту аймағы 7 елді мекенге ұлғайтылды, бұл рұқсат етілмеген үйінділерді анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесінде құрылыс қалдықтарының қозғалысын қадағалау тетігі енгізілді.

Қазақстан Республикасының пластиктің ластануына қарсы күрес туралы халықаралық шарттың жобасын, оның ішінде теңіз ортасында талқылауға белсенді қатысуы басталды, оның ережелерін талқылауды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Үкімет 2024 жылғы 15 шілдеде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жобаларды қаржыландыру үшін 90 млрд теңге бөлуді көздейтін қаулыны бекітті:

- Төтенше жағдайлар министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі үшін 50 млрд теңге сомаға арнайы техника сатып алу;

- орман мекемелері үшін 25 млрд теңге сомаға өрт сөндіру техникасын сатып алу;

- автобустардың лизингі үшін 15 млрд теңге мөлшерінде.

Орман мониторингінің және орман өрттерін анықтаудың неғұрлым тиімді тәсілі оларды ерте анықтаудың ақпараттық жүйесі болып табылады. Қазіргі уақытта ол «Ертіс орманы» резерватында, «Көкшетау», «Бурабай» ұлттық парктерінде және «Медеу» табиғи паркінде жұмыс істейді. Мысалы, «Бурабай» ұлттық паркінде жүйе енгізілгеннен кейін орман өрттерінің орташа ауданы 80 гектардан 1,5 гектарға дейін қысқарды.

Орман өрттерін ерте анықтау жүйелеріндегі барлық деректер Министрлік жанынан ұйымдастырылған Ахуалдық орталыққа берілетін болады.

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесі экологиялық қордың барлық инфрақұрылымына қолжетімділік беретін және мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен жұртшылық арасында толық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. 91 кәсіпорын қосуы тиіс Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024-2029 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Тұжырымдаманы іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспарының жобасы әзірленді, жоба Ашық НҚА порталында орналастырылды.

Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері Министрлікпен келісім бойынша кешенді жоспарлар бекітті. 2021-2023 жылдар аралығында барлығы 840 млн жуық ағаш отырғызылды немесе жоспарланған көлемнің 83%-ы.

Арал теңізі өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал теңізінің құрғап қалған түбіндегі орман мелиорациясы бойынша жұмыстар жалғасуда. 2025 жылға дейін барлығы 1 млн гектардан астам алаңда жұмыстар жүргізу жоспарланған. 2021-2023 жылдары ОДАМ-да 544 мың га алаңда жұмыстар орындалды, 2024 жылға жоспарланған - 275 мың га.

Сондай-ақ елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын 3 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Мемлекет басшысының бастамасын іске асыру мақсатында республика бойынша ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Аумақтарды тазалау, жасыл желектерді отырғызу, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен апатты қоқыс тастайтын жерлерді жою мәселесі бойынша баспасөз турлары өткізілді. Акцияға 800 мыңнан астам адам қатысып, 165 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, 326 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы аясында 203 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Ағаш отырғызу науқаны осы жылдың күзінде жалғасады.

2023-2027 жылдарға республиканың орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 68 млрд астам теңге көзделген. 303 бірлік арнайы көлік құралдары және 655 бірлік қосымша өртке қарсы жабдықтар сатып алынды.

1) 2024 жылғы 8 шілдеде Президент ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін жеке тұлғалардан салық өндіріп алуды болдырмауды көздейтін Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды;

2) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп, ҚР Заңының жобасы аңшылық шаруашылығы саласындағы заңнамалық базаны жақсартуға бағытталған, атап айтқанда, жабайы өсіруді ынталандыру, шетелдік туризмді дамыту көзделген және жалпы алғанда жануарлар дүниесін қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған.

3) Орман өрт сөндiру станцияларының қызметкерлерiне денсаулыққа және өмiрге зиян келтiру қаупi қатерiне байланысты жұмысы үшiн лауазымдық жалақысының 100% мөлшерiнде қосымша ақы белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

4) Министрлік БҰҰДБ-мен бірлесіп, биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы ұлттық басымдықтар мен міндеттерді қайта қарау және Республикада биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Биыл ҚР Экологиялық кодексіне мынадай бөліктерде өзгерістер енгізілді:

•        мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімдерін қысқарту;

•        қоғамдық тыңдаулар өткізу рәсімін жетілдіру;

•        құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңіне пайдалануға рұқсаттан бөлек экологиялық рұқсат алу.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Прагадағы хайуанаттар паркі арасындағы меморандум шеңберінде 2024 жылғы 4 маусымда «Алтын Дала» МДҚ-да 7 дарақтан тұратын Пржевальский жылқылары (кертағы, керкулан) реинтродукцияланды. 2029 жылға дейін 40 дара кертегі әкелінеді. «Қазақстан Республикасында жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасын» іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда, «Іле-Балқаш» МДБ 2018-2023 жылдары 205 бұхар бұғысы, 60 құлан әкелінді, жабайы жануарлар санын ұлғайтуға бағытталған биотехникалық іс-шаралар жүргізілуде. 2024 жылғы 15 шілдеде ЭБЖМ мен WWF International арасында Голландиядан Қазақстанға жолбарысты реинтродукциялау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ірі кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларды (ҰДТ) қолданумен байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі көзделген. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларының 50 ірі кәсіпорнын ҰДТ-ға көшіру жоспарланып отыр. Министрлік I санаттағы объектілерді ТОП-50 арналған іс-шаралар жоспарын бекітті, онда 2029 жылға қарай шығарындыларды 366 мың тоннаға (20%) азайту көзделген.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Министрлік 489 экологиялық тексеру жүргізді. 1331 экологиялық заңнаманы бұзу анықталды, 860 ұйғарым берілді. Жалпы сомасы 40 млрд теңгеден астам 1022 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 13,3 млрд. теңге сомасына 884 әкімшілік айыппұл өндірілді. Министрлік әкімдіктермен және жұртшылықпен бірлесіп өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасын әзірледі, онда 532 іс-шара көзделген. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Министрлік 489 экологиялық тексеру жүргізді. Экологиялық заңнаманы 1331 бұзушылық анықталып, 860 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 40 млрд. теңгеден асатын 1022 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 13,3 млрд.теңгеге 884 әкімшілік айыппұл өндірілді. Министрлік әкімдіктермен және жұртшылықпен бірлесіп өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасын әзірледі, онда 532 іс-шара көзделген.  2024 жылы 164 іс-шараны іске асыру көзделген.

2024 жылы Министрліктің түзетілген бюджеті 87 млрд 406,8 млн теңгені құрады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жоспар бойынша 37 млрд 297,2 млн теңгені игеру 34 млрд 379,4 млн теңгені немесе 92,2% құрады.

Жыл басынан бері Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ең озық қолжетімді техникалар бойынша 3 анықтамалық әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. 2021 жылдан бастап ҰДТ бойынша барлығы 16 анықтамалық әзірленді. 2027 жылдың соңына дейін қосымша 15 анықтамалық әзірленеді.

Қазақстан аумағы үшін қолданыстағы бақылау пункттері жеткіліксіз, осыған байланысты ауа райы болжамдарының, оның ішінде су объектілерінің жекелеген бассейндеріндегі гидрологиялық болжамдардың ақталуы жоғары емес, кейбір учаскелерде болжамдар беру мүмкін емес. Бақылау пункттерінің ең аз қажетті санына қол жеткізу үшін қосымша 114 метеорологиялық станция, 167 агрометеорологиялық бекет, 139 гидрологиялық бекет және 143 экологиялық бекет ашу қажет.

Ол үшін Министрлік өткен су тасқынына жүргізілген талдауды және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін дамытудың және жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі.

Өткен су тасқыны жағдайын ескере отырып, Министрлік «Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде ашуға жоспарланған гидрологиялық бекеттердің тізбесін қайта қарады.

2030 жылға дейін елдің жазық аумағындағы өзендер бассейндерінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде, атап айтқанда Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және ҚХР мен РФ-дан трансшекаралық өзендерде мониторингпен қамтылмаған жаңа 42 гидрологиялық бекет салу жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу