22 Мамыр 2019, 15:46
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Абылқасова Анар Сайранқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
А. Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
2000–2004 жж. — Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.
2004–2009 жж. — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.
2009–2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу