АДБ даму бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР Үкіметіне қолдау көрсетеді - ҚР ЭБЖМ
Астанада өткен АДБ Басқарма кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысының барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында Азия Даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накао мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қаржы құю туралы жаңа келісімге қол қойды,деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қаржы құю туралы жаңа келісім бойынша АДБ Үкіметке Даму бағдарламасын жүзеге асыруда Ұлттық әл-ауқат қорынан бөлінген қаржыны рационалды және тиімді пайдалану арқылы арқылы қолдау көрсетпекр», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, келісім бойынша ынтымақтастықты нығайтуға жақында ғана Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған индустриаландыру саясатын, шағын және орта бизнес пен банк секторын қолдауға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 1 триллион теңге бөлу туралы бағдарламасы қаржы қарастыралады.
«Бұл жаңа келісім Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы 20 жылдық нәтижелі ынтымақтастықтың негізінде жасалып, экономиканы диверсификациялауға, даму тұрақтылығы мен инклюзивтік өсімге бағытталып отыр. Біз бәсекеге қабілеттіліктің артуын, экономиканың диверсификациялануына қолұшын беру мақсатындағы өзара ынтымақтастықтың әрі қарай нығаюын тағатсыздана күтеміз», - деді Т.Накао.
Қазіргі таңда АДБ Қазақстандағы 1994 жылдан бастап мемлекеттік секторға жалпы құны 3,2 млрд доллар болатын 25 займ, 68 техникалық көмек жобасына - 31 млн доллар, жеке сектор бойынша 6 жобаға 455 доллар қаржы бөлген алдыңғы қатарлы даму институттарының бірі болып табылады.
Елімізбен арадағы серіктестіктің ағымдағы стратегиясына сәйкес АДБ-нің инвестициялық бағдарламасының 1,6 млрд доллар
мемлекеттік сектор үшін шағын және орта бизнес, қаржы, инфрақұрылым мәселелерін шешуге жеке секторды, аймақтағы ынтымақтастық пен интеграцияны дамытуға бағытталған. АДБ бұл бағдарламаны жеке секторға меншік капиталын қатыстыра отырып, сонымен бірге қарызды реттеу құралдары мен кепіл беру арқылы инвестиция құйып толықтырмақ.
Қазақстан алғаш рет АДБ Басқарма кеңесінің «Жібек жолы: Азияны құбылған әлеммен біріктіру» деген тақырыпта жыл сайынғы отырысын өткізіп отыр. Отырыс 2-5 мамыр арасында ұйымдастырылып, оған 3000 мыңнан аса делегат жиналды, олардың ішінде танымал саяси қайраткерлер, белгілі бизнесмендер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, ғалымдар, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ даму институттарының өкілдері бар.
Штаб-пәтері Манилада орналасқан АДБ-нің басты мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағында инклюзивті экономикалық өсімнің, экологиялық тұрақты даму мен аймақтық интеграция арқылы кедейлікті жою болып табылады. АДБ 1966 жылы құрылды. Оның құрамына 67 қатысушы ел кіреді, олардың 48-і аталмыш аймақтан. 2013 жылы АДБ –нің портфелі 21 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде 6,6 миллиард АҚШ доллары қосыла қаржы құю қаржысынан.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз