Азия даму банкі мүше елдерді қолдау үшін операциялардың мақсатты бағыттылығын күшейтеді, деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі АДБ президенті Такехико Накаоның сөзіне сілтеме жасап.
АДБ басшысының айтуынша, Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық өсім мен кедейлікті төмендетуде үлкен табыстарға жеткенімен, ғаламдық қарсылықтар қатары әлі де қауіп төндіруі мүмкін.
«Аймақтың макроэкономикалық жағдайы сенімді сипатқа ие болды. Қаржылық жүйені капиталдандыру пайызы жоғарылап, шетелдік валюта қоры ұлғайды, айырбас курсының саясаты икемдірек бола түсті. Ұтымды макроэкономикалық саясатты сақтап тұру және ұзақмерзімді құрылымдық мәселелерді шешу жөніндегі міндеттерді жауапкершілікке алсақ, аймақтың одан әрі орнықты бола түсеріне мен сенімдімін», - деп түсіндірді ол.
АДБ болжамдарына сәйкес, аймақтағы өсімнің көлемі 2014 жылы - 6,2 %, 2015 жылы – 6,4 %-ды құрайды. Аймақты ішкі жоғары сұраныстың сақталуы мен өнеркәсіптік-дамыған елдердегі экономикалық өсім перспективаларының жақсаруынан келетін пайда күтіп тұр.
Дегенмен, АДБ президенті нің айтуынша, «белгілі бір тәуекелдер сақталады». «Бұл дамыған экономикалардың монетарлық саясатындағы өзгерістер мен аймақтың кейбір экономикасының өсу қарқынының құлдырау мүмкіндігімен байланысты болмақ» деп түсіндірді ол. «Десе де, жалпы алғанда жағдайдың нашарлап кету қаупі азаяды. Сонымен бірге, дамушы Азияның бұрынғыға қарағанда кез-келген күйзеліске төтеп беретіндей қауқары бар», - деді Накао.
Оның пікірінше, аймақтағы негізгі мәселе кедейлікті төмендету болып қала береді. АДБ президенті мынаған баса назар аударды: 700 миллионнан астам адам кедейлік шегінен төмен, тәулігіне – 1,25 доллар қаржыға күнелтуде. Бұл Азия халқының 20 %-ы мен әлемдегі кедей халықтардың 60%-ын құрайды. Дегенмен, Накаоның айтуынша, кедейшілік деңгейін төмендетуде өсімді игілікке іске асыруда үлкен жетістіктерге жетті және бұрынырақта белгіленген тәулігіне – 1,25 доллар деген көрсеткішті негізге алсақ, алдағы он жыл көлемінде кедейліктің тамырына балта шабылады деп сеніммен айтуға болады.
«Бірақ бұл мөлшер 1,25 доллар он жылдан астам уақыт бұрын белгіленген және аймақ тұрғындарының қазіргі сұранысына сәйкес келмейді. Бүгінде Азиялық елдердің көпшілігінде бұл сома тіпті ең төменгі өмір сүру жағдайында күнелтуге де жетпейді, - деп хабарлады АДБ президенті. - Нақтысын айтқанда, 1,6 миллиардтан астам адам тәулігіне 2 доллардан да аз ақшаға күн көріп жүр. Олар жұмысынан айрылу, инфляция және егіні шықпай қалу секілді қауіптерге ұшырауға бейім. Аймақтағы елдер арасындағы теңсіздік ушығып барады».
АДБ дамушы елдердегі кедейлікті жою және өсімнің игілігін халықтың әртүрлі таптарына кеңінен таратуға жәрдем беруді өзінің басты міндеті санайды. "АДБ-ға қатысушы-елдерге кедергілерді жеңуге бұдан да жақсы көмектесу үшін операциялардың мақсаттық бағыттылығын күшейту қажет», - деп атап өтті Банк президенті.
Негізінде АДБ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және инклюзивті кәсіпкерлік саласындағы өз қызметін кеңейту арқылы дамудың инклюзивтілігі мен сапасына көбірек ден қоятын болады. Мұнда қыздарға білім беруға қаржы салу және әйелдердің табыс табуына мүмкіндік жасау жолымен гендерлік мәселелерді шешуге баса назар аударылатын болады. "Сондай-ақ, АДБ бұл мемлекетерді заманауи бостандыққа жеткізіп, әлеуметтік көмек және жемқорлықтан жою жолында ауқымды жұмыс атқармақ»,-деді Накао.
Сонымен қатар, АДБ бұл елдердегі табиғи апаттардың әсерін төмендету жөніндегі шараларға күшейтілген қолдау жасауды жалғастырып, осындай өзгерістер мен қауіп-қатерге бейімделуге ерекше көңіл бөлуде. Банк басшысы жақын болашақта АДБ «табиғи апаттардың қаупінің бетін қайтаруды интегралдау және оларды басқару ісіне стратегиялық жағынан келуге назар аударатынын» жеткізді.
Такехико Накао бизнес-бастамаларды дамыту туралы айта келіп, Банк жеке инфрақұрылымға (трансшекаралық жолдар мен электр желілері) инвестиция салу арқылы қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қолдаудан бөлек, кедендік рәсімдерді жеңілдету және мемлекеттік стандарттарды үйлестіру құралы арқылы сауданы ынталандыруға көмекті күшейтпек». Сондай-ақ АДБ инвестицияға ынталандыру үшін аймақтық қаржылық интеграцияға қолдау жасайтын болады.
"Қуатты жеке сектор даму үшін өте маңызды, - деп атап өтті АДБ басшысы, - Ол ірі инвестициялық қажеттіліктерді толтырып, жұмыс орындарын құрады және кедейлікті азайтады. АДБ жобалардың инвесторы бола тұра онымен қоса, жобаның әзірлеушісі де болуы тиіс. Осыған байланысты біз мемлекеттік-жеке әріптестікке деген қолдауды кеңейте түсеміз. Бұл жеке инвестицияларды көбірек жұмылдыруға және мемлекеттік қызметтің көрсетілуін жақсартуға көмектеседі".
Банк басшысы АБР Азиядағы ірі даму институты бола тұрып, жаңа қиындықтарға қарсы тұру мәселелерін оңтайлы шешу үшін және жаңа қарсылықтарға «реформалық және жаңашыл шешімдерімен» жауап беру үшін өзі де өзгеруі тиіс екендігін атап өтті.
"Табысты болу үшін АДБ өзінің мүшелерімен, азаматтық қоғаммен және даму жөніндегі өзге де әріптестерімен тығыз әріптестік орнатуы қажет, - деп атап өтті ол, - Бірлесе жұмыс жасап, мақсатымыз бен табандылықтың арқасында Азиялық-тынық мұхиты аймағының барлық халқының жақсы өмір сүруі туралы ортақ мақсатымызға қол жеткіземіз».
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз