Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды
Астана қаласының әкімі Әділбек ЖақсыбековТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінде.
«Халықаралық Ассамблеяның ХХІІІ сессиясының шешімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков аталмыш ұйымның Вице-президенті болып тағайындалды», - делінген ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының бас директоры В.Селивановтың атынан Мәскеуден келгенжеделхатта.
Бас директор Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі серіктестік пен Халықаралық Ассамблеяда мен Қазақстан астанасы мен ірі қалалары лайықты өкілдік ететініне сенім білдірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз