18 Мамыр 2020, 18:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», — делінген Жарлық мәтінінде.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу