04 Мамыр 2020, 11:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу