16 Наурыз 2017, 06:11
Шығыс Қазақстан облысының Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты Бозшакөл комбинатымен қатар Қазақстан тарихына соңғы жарты ғасырдың ең ірі индустриалды құрылысы ретінде енеді.
Өндірістік қуаттылығы жылына катодты баламада 115 мың тонна мыс болатын кәсіпорында шамамен 1 500 жұмыс орны құрылған. Мұнда комбинатты ТМД кеңістігінде ең ірі тау-кен жобаларының бірі ететін жаңа жабдық пен қуатты техника орналастырылған.
Өндіріс қарқыны мен көлемін Норильск тау-кен металлургия комбинаты, Коунрад кен орны, Балқаш байыту фабрикасы, Соколовск-Сарыбай кен орны және Жезқазған мыс балқыту зауыты секілді ірі кәсіпорындармен салыстыруға болады.
Кешеннің ауқымы туралы келесі сандар бойынша бағалауға болады: мұнда жылына 25 млн тоннаға дейін сульфид кенін және 12 млн тоннаға дейін тотыққан кенді өндіруге болады. Кен орнындағы мыс қоры 5,8 млн тонна мыс, 115 мың тонна молибденмен бағаланады. Кен орны 50 жылдан астам уақыт пайдаланылады деп болжанған. Жұмыс орындары бір жарым мың адамға лайықталған. Жоба бюджеті 2,1 млрд АҚШ долларын құрайды.
2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіру бойынша Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. 2016 жыл ішінде тотықтандырылған кенді қайта өңдеу бойынша кешенде 18,1 мың тонна катодты мыс өндірілді. Бұл жоспарлық көрсеткіштен 15 мың тонна көлемінде жоғары нәтиже берді, жыл соңына қарай өндіріс көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, қазіргі таңда жобада сульфид кенін қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасының құрылысы жалғастырылуда. 2016 жылы жобаға 177,6 млрд теңге салынды. Сульфид кенінен мыс концентратын өндіру кестеге сәйкес 2017 жылы басталады деп күтілуде.
Еске салайық, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел аймақтарына жұмыс сапарларын бастады. Премьердің жұмыс кестесіндегі алғашқы нысан Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты болды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу