Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Жиында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.

Орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «Қазақтелеком» және «Тау-Кен Самұрық» компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу