12 Ақпан 2018, 12:24
2018 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті.
ЕАҮК жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Б. Сағынтаев, Армения Республикасының Премьер-Министрі — К. Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі — А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі — С. Исаков, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. Медведев және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т. Саркисян қатысты.
Шағын мен кеңейтілген құрамдағы отырыстар барысында интеграциялық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, ЕАЭО-ға мүше елдердегі макроэкономикалық жағдай мәселелері және тұрақты экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Шара соңында бірқатар қорытынды құжаттарға қол қойылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу