Асқар Мырзахметов ҚР вице-премьері болып тағайындалды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Асқар Исабекұлы Мырзахметовты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», - делінген құжат мәтінінде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз