Бақытжан Сағынтаев 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев көлік және логистика, туризм, инвестициялар тарту және салық салу саласындағы 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы жұмыстарды жандандыру туралы баяндамалары тыңдалды.

Қаржы министрі Б. Сұлтановтың баяндамасында ұсынылған салықтарды жинауды арттыру мәселесі, сонымен қатар мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының есебінде ішкі және сырттан келушілер турзимін, жалпы туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу