16 Маусым 2017, 05:20
Бүгін Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «JPMorgan Chase International» төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті.
Сұхбаттың басты тақырыбы қаржы секторындағы ынтымақтастық, сонымен қатар экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге қажетті қаржы тетіктері мәселелері болды.
Анықтама:
JPMorgan Chase – америкалық банк. Forbes Global 2000 бойынша әлемдегі ірі компаниялардың тізімінде JPMorgan 2015 жылы 6 орынды иеленген. «Global Finance» журналының жариялауы бойынша 2015 жылдың үздік инвестициялық банкі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу