Бақытжан Сағынтаев Polpharma өкілімен фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады

Бүгін Үкіметте Астанада өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Polpharma S.A. компаниясының қадағалау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Е. Старак Polpharma S.A. компаниясының Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары туралы айтты. Тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен оған қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Анықтама:

«Химфарм» АҚ SANTO Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) тауарлық маркасымен -  Polpharma S.A. құрамына кіреді және Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. «Химфарм» ел ішіндегі дәрі-дәрмектердің 1/3-ден жоғары көлемін шығарады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу