Бақытжан Сағынтаев Азия өңірінің сарапшыларымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылады

Бүгін Х Астана экономикалық форумының алаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Азия өңірінің сарапшыларымен кездесті, олардың қатарында ҚХР Дүниежүзілік экономика орталығының директоры Давид Даокуи Ли, Гонконг Үкіметінің Жібек жолы бойынша комиссары Ивонн Чой, Оңтүстік Кореяның Жаһандық экономика институтының президенті Иль Саконг бар.

Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, халықаралық сауда және инвестициялар, қауіпсіздік, сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» Ұлы Жібек жолы саясатының мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу