29 Наурыз 2017, 10:05
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған мектепке дейінгі балалар ұйымының жұмысымен танысты.
Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министріне балабақшаның қазіргі жұмысы жайлы баяндалып, ғимараттағы дамыту бөліміндегі сабақтар көрсетілді.
200 орынға шақталған «Жәңгір хан» балабақшасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын қолданумен салынған. Мекеменің компьютерлік сауаттылыққа үйрету кабинеттері, қызығушылықтар, өзін-өзі тану бөлмелері, сонымен қатар шығармашылық бейнелеу студиясы бар.
Айта кету керек, ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік инфрақұрылымның, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі тетігіне айналуы тиіс. МЖӘ тетігі білім беру нысандарына инфрақұрылымдық қолдау көрсету мен құрылыстан өзге, бюджет қаражаттарын үнемдеуге, сонымен қатар бизнеске тиімді жағдайларда жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу