ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Орал» халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты

Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласы әуежайының жолаушылар терминалы мен қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен, сонымен қатар әуежайды қайта жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты.

Орал қаласының халықаралық әуежайы 1972 жылы пайдалануға берілген. Аэровокзалдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушыны, терминалдың өткізу қабілеті – сағатына 100 жолаушыны құрайды. Әуежай кешені қажетті арнайы техникамен және әуе кемелеріне, жолаушыларға қызмет көрсету мен ұшып-қону жолағын әрі перронды қолданыстық күйде сақтау үшін қызмет көрсететін қызметкерлермен қамтамасыз етілген.

Бұған дейін 2014-2015 жылдары әуежайдың жасанды ұшып-қону жолағында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол барлық түрдегі заманауи әуе көліктерін қабылдауға қажетті санатты алуға мүмкіндік берді.  

Айта кету керек, Орал қаласының әуежайы ел ішіндегі әрі халықаралық рейстерді орындаудағы әуе қатынастарында маңызды көлік-логистикалық мәнге ие.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу