Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының ХХІ ғасырда еліміздің дамуы үшін қоғамдық сананың ашықтығы туралы тапсырмасының маңыздылығын атап айтты

ҚР Премьер-Министрінің Қостанай облысына жұмыс сапарының негізгі шараларының бірі аймақтағы қоғам өкілдерімен кездесуі болды, оның барысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының және «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының міндеттерін жүзеге асыру бойынша Үкіметтің жұмысын түсіндірді.

Затобол кентіндегі «Алтын дән» ауылдық Мәдениет үйінде өткен кездесуде аймақтағы қоғам өкілдері тұрғын үй мен ипотеканың қолжетімділігі, жаңа аудандарда инфрақұрылымның жүргізілуі мәселелерін және АӨК дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрғанда ауылдықтар үшін туындайтын мүмкіндіктерді талқылады.  

ҚР Премьер-Министрі Үкіметтің экономиканың жаңа салаларын енгізу жұмыстары туралы толығырақ айтып өтті, оның ішінде жаңа индустриялар құру, сервистік экономиканы дамыту, қарапайым заттар экономикасы, туризм саласын дамыту, сондай-ақ сауда-саттық пен тұрмыстық қызметтің заманауи форматтарын дамыту бар.

Еліміздің үшінші жаңғыруы аясындағы міндеттерді шешу үшін бірінші кезекте өзіміздің ойлау жүйемізді өзгерту қажет. Осы орайда Бақытжан Сағынтаев Ыбырай Алтынсариннің сөздерінің өзектілігін атап өтті. Қазақ халқының біртуар ұлы, ағартушы педагог өз өлеңдерінде халық үшін білімнің, еңбексүйгіштіктің, сана-сезімі мен дүниетанымын дамытудың пайдасы туралы талмай айтқан.

Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сана жаңғырту қағидаларын ғана емес, сондай-ақ дәстүрді жоғалтпай заман талабына сай нақты жобаларды әзірлеуді талап ететіндігі атап өтілген. Бұл бағыттағы жұмыс сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның киелі географиясы» жобасын жүзеге асырудан басталады.

Қостанай облысы жалпыұлттық маңызы бар киелі және рухани символдарға аса бай. Олардың қатарында Үштоғай ескерткіші, VII-IX ғасырлардағы Екідін діни ғимараты, Лисаков археологиялық кешені, таңдаулы Бестамақ және тағы басқалары бар.

Мемлекет басшысының Жолдауы мен бағдарламалық мақаласының міндеттерін жүзеге асыру барысы туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі Қ. Айтуғанов, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р. Скляр сөз сөйледі. Аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндады.

Үкімет жұмысындағы басты назардың бірі АӨК дамытуға аударылады. Қостанай облысының тұрғындары үшін мұның мән-маңызы зор, себебі индустриалдық сектормен қатар аграрлық сектор да аймақ экономикасының басым бөлігін иеленген. Қойылған міндеттердің тиімді шешіміне қостанайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың өмір сапасының деңгейі байланысты. Осыған байланысты отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылу тиімділігін арттыру қажет.  

Аймақ тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өзекті мәселелерді шешуге қатысты өз пікірлерін білдірді. Мәселен, ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері, облыстағы Қоғамдық кеңес төрағасы С. Буканов АӨК дамытудың және жеке қосалқы шаруашылықтардың өзекті мәселелері бойынша сөз сөйледі. Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі В. Вишниченко қоғамдық сананы жаңғырту тақырыбын көтерді. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жастар бастамасын дамыту орталығының басшысы Б. Қалиев жаңа жаһандық шынайылық жағдайында тілдерді меңгерудің маңыздылығына назар аударды. «ССТӨБ» АҚ директорының орынбасары Р. Исмұхамбетов жұмыс істеп тұрған өндіріске Индустрия 4.0 элементтерін ендіру туралы сұрақ қойды.

Қостанай қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Байғабылов екінші деңгейлі банктер арқылы тұрғын үйді ипотекаға алу мәселесін көтерді. «Тэрра» КШ басшысы В. Семейкин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инженерлік желілерді әрі қарай қаржыландыру тақырыбына тоқталды. «Қайрат» ӨКФ директоры Т. Өтепов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігі арқылы көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын қаржыландыру жүйесіне қайта оралу туралы мәселені көтерді. Қостанай қоғамдық кеңесінің мүшесі М. Жұрқабаев облыс орталығында төрт көп қабатты үйдің құрылысы үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ бөлген жер телімдерін қайтару туралы мәселесін көтерді. «Жас Қанат - 2006» ЖШС директоры Қ. Маишев құстарды жемдік астықпен қамтамасыз ету туралы сауал қойды, «ННН+В-2005» ЖШС директоры Н. Утелин заңнамадағы өзгерістерге орай субсидиялар алудың жаңа ережелері туралы сөз қозғады. Қостанай ауданының жеке кәсіпкері В.Деревянко МЖӘ жобаларын қаржыландырумен байланысты негізгі құралдардың бірін жақсарту бойынша ұсыныс жасады.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Н. Малелов, сонымен қатар «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Б. Жоламанов сұрақтарға жауап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев министрліктер мен облыс әкімдігіне айтылған мәселелер шешімін бақылауға алуды тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу