Бақытжан Сағынтаев әкімдерге ветеринарлық алдын алу шараларын уақытылы жүргізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында елімізде ветеринарлық қауіпсізікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндамаларды тыңдап, ветеринарлық алдын алу шараларын уақытылы жүргізуді тапсырды.

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауына алынған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдерімен бірлесіп ветеринарлық алдын алу шараларын, соның ішінде екпе жұмыстары мен диагностика жасау шараларын уақытылы жүргізу тапсырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ел өңірлерін қажетті ветеринарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу