02 Мамыр 2017, 06:01
ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәдениет нысандарын жаңғырту барысы туралы баяндамаларды тыңдады, және Қазақстанның мәдениет саласын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттер тұрғысынан мәдениет саласын дамыту және халыққа мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру бойынша алдағы шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Бақытжан Сағынтаев Астананың қоғамдық орындарында мәдениет ұйымдарында өтіп жатқан барлық оқиғалар туралы азаматтарды құлақтандыратын ақпараттық бағандар орнату идеясын қолдады. ҚР Премьер-Министрі осындай жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізу қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтар еліміздің мәдени және тарихи ескерткіштерін тегін аралау мүмкіндігіне ие болуы қажет екенін баса айтты. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірге еліміз бойынша танымдық және этнографиялық саяхаттарды тегін ұйымдастыру үшін жағдай жасау тапсырылды. Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары мен қонақтарының мәдениет нысандары мен қызметтеріне максималды қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу