Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысы мәслихатының сессиясына қатысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды, онда облыс мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.

Отырыс барысында Премьер-Министр Б. Сағынтаев мәслихат депутаттарына бағытталған, облыс әкімінің лауазымына Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Депутаттар бірауыздан Президент ұсынған кандидатураны қолдады.  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу