07 Сәуір 2017, 09:56
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында кешендік экспорттық стратегияны қалыптастыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүшелік етуі аясындағы талаптарды ескере отырып әзірленген және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған «Ұлттық экспорттық стратегия» экспортты дамыту жөніндегі бағдарламасының жобасы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға, сонымен қатар келісілген түрде «Атамекен» ҰКП-на бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу