Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дж. Кроллмен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кроллмен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оның перспективалы бағыттарын кеңейту, соның ішінде, жоғарғы технологияларды дамыту мен Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту саласындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың биыл сәуір айындағы АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен болжанған нақты жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. 

Анықтама:

Биыл сәуір айында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында болды, онда «General Electric Transportation», «OSI Systems», «Pfizer», «Cisco», «Tesla», «IBM Watson», «Bloomberg», «Google», «Microsoft», «Chevron», «Plug and Play Tech Center», «Jabil», «Autodesk», «Uber», «GVA Capital» секілді ірі халықаралық қаржы институттары мен АҚШ-тың іскерлік орталарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. 

Сонымен қоса, Б. Сағынтаев әйгілі «Project: Collider» технологиялық форумына қатысып, Кремний алқабының инновациялық орталығына барды. Ол жерде Қазақстанның технологиялық жаңғыруы аясында нақты жобаларды іске асыру келешектері талқыланды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу