Бақытжан Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, ұлттық экономика, инвестициялар және даму министрліктерінің ҚР Үкіметінің өнімді жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті, білім беру жүйесін дамыту, инвестициялар тарту мен сауда саласын жаңғыртудағы жұмыстар жүйесін атқару бойынша іс-әрекеттері талқыланды.

Мемлекеттік комиссия отырысында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу