Бақытжан Сағынтаев Президент Жолдауын іске асыру бойынша ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру бойынша ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс аясында экономиканы дамытудың әлемнің дамыған 30 озық елінің қатарына кіруге қажетті деңгейде экономикалық өсім қарқынын жылдам қалпына келтіруді қамтамасыз ететін негізгі макроэкономикалық болжамдары қаралды. 

Жиында ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов баяндамаларын оқыды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу