Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының Астанада өтетін ЭКСПО-2017-ге дайындық жұмыстары қаралды. Көрме ісін алға жылжыту, еріктілер қызметі, қазақстандық компаниялардың қатысуы, сонымен қатар көрме аяқталғаннан кейін көрме павильондарының орындарын пайдалану мәселелері талқыланды. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне даярлық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу