Бақытжан Сағынтаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша ҚР Президенті жанындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары жасалды.

Отырыста баяндама жасағандар:

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» реформасы бойынша;

- ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Т. Донақов «Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету» реформасы бойынша;

- ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов «Индустрияландыру және экономикалық өсім» реформасы бойынша;

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А. Балаева «Сәйкестік және біртұтастық» реформасы бойынша;

- ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары Б. Бекназаров «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» реформасы бойынша.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жылғы 30 сәуірде институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғамды және мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында құрылған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу