29 Маусым 2017, 11:00
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында «Kazakh Invest» қызметінің 2017-2018 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары қаралды, сонымен қатар ұйымдастырушылық сипатқа ие бірқатар мәселелер талқыланды.
Анықтама:
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің негізінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №100 қаулысына сәйкес) құрылды. «Kazakh Invest»-тің негізі міндеті - Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу