07 Сәуір 2017, 15:20
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті (әрі қарай - Кеңес).
Кеңес отырысы барысында республикалық меншік пен квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіру бағдарламасының рәсімдерін жетілдіру, сонымен қатар ТОП-65 тізімінен шетел компанияларының жекешелендіру үдерісіне қатысу мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланды.
Анықтама:
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылғы наурызда құрылған және ол ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Кеңестің төрағасы ҚР Премьер-Министрі болып табылады.
2015 жылғы желтоқсанда ҚР Үкіметі Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады және сатылым мен бәсекелі ортаға өткізуге тиісті 783 ұйымнан тұратын тізбені қалыптастырды. Аталған Кешенді жоспардың ерекшелігі - ірі нысандарды ТОП-65 тізіміне қосу.
ТОП-65-ке теңгерімдік құны әрбірінікі 5 млрд-тан астам теңге болатын, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ірі және ең тартымды компаниялары («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» АҚ және «ҚазАгро» АҚ) жатады. Олардың ішінде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «Таукен-Самұрық» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ (45,9%), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай химия зауыты» АҚ (42%), «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ және т. б. бар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу