Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Финляндияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Финляндияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу