Бақытжан Сағынтаев әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Р. К. Чунгпен кездесті

Х Астана экономикалық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгтың кездесуі өтті.

Кездесу тақырыбы экономика, табиғат және қоғамның үйлесімін көздейтін Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ адам капиталына инвестиция салуға шақыратын «Жасыл өсім» тұжырымдамасы болды.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев пен Рае Квон Чунг Астанада өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу