16 Маусым 2017, 06:05
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкинмен кездесу өткізді.
Тараптар кездесу аясында энергетика, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылымдар, көлік салалары мен қаржы секторындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады.
Анықтама:
Еуразиялық даму банкі — Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 2006 жылы құрған өңірлік даму банкі. Қазіргі таңда алты мемлекет, соның ішінде: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Тәжікстан банк қатысушылары болып табылады.
ЕАДБ-нің миссиясы – инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы банкке мүше мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, экономикалық өсіміне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың артуына қолдау көрсету.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу