Бақытжан Сағынтаев Грузия Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Грузия Премьер-Министрінің орынбасары Кахабер Каладземен кездесуі өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның алаңында қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына ерекше назар аударылды.

Анықтама:

Премьер-Министрдің орынбасары, энергетика министрі Кахабер Каладзе бастаған Грузия делегациясы Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына келді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу