Бақытжан Сағынтаев "Росатом" корпорациясының бас директорымен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар атом энергетикасындағы бірлескен жобаларға қатысты мəселелерді, сонымен қатар ресейлік компанияның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы мәселелерін қарастырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу