Берік Арын ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып Арын Берік тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 қазандағы №618 Қаулысымен Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып Арын Берік Сақбайұлы тағайындалды», - деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Б. Арын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология» мамандығын, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік заң университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Әр түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы; ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу