13 Қазан 2026, 16:36

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика вице министрі Ерлан Ақбаров 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы отын-энергетикалық кешеннің жағдайы туралы баяндады.
Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 69,4 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,7%-ды құрайды.
Ірі компаниялар бойынша мұнай өндіру көлеміне келсек:
- Теңіз кен орнында – 26,7 млн тоннаны немесе 88%-ды;
- Қашағанда – 12,8 млн тоннаны немесе 94%;
- Қарашығанақ кен орнында – 7,5 млн тоннаны немесе 82%-ды құрады.
Бұрын төмендеген көлемдерді қалпына келтіру мақсатында Қашаған және Теңіз кен орындарындағы жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кейінге ауыстырылды.
Ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіру көлемін арттыру жөніндегі шаралар туралы келіссөздер жүргізілуде.
«Бүгінде жалпы елдік шығындар 5,9 млн тоннадан 1,9 млн тоннаға дейін қысқарды. 2026 жылға арналған мұнай өндіру көлемінің болжамы – 96 млн тоннаны құрайды. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,9 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4%-ды құрайды», — деді спикер.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша өндіру көлемі:
– Бензин – 4,6 млн тонна немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 103,9%;
– дизель отыны – 4,8 млн тонна немесе 103,3%;
– авиакеросин – 0,7 млн тонна немесе 121,8%;
– мазут – 0,8 млн тонна немесе 68,2% құрайды.
Осы жылдың қорытындысы бойынша 15,45 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған, бұл өткен жылдың көрсеткішіне 100%-ды құрайды. Есепті кезеңде 47,4 млрд текше метр газ өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,9%-ды құрайды. 2026 жылға болжам 64,5 млрд текше метрді құрайды.
«Газ өнеркәсібінің басым міндеттерінің бірі – жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу. Биыл «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің желілік бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылады. Аяқтау мерзімі 2027 жылғы бірінші жартыжылдықта жоспарлануда. Қаңтар-қыркүйек айларында тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 14,9 млрд текше метр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,4%-ды құрады», — деп түсіндірді вице-министр.
Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі шамамен 2,29 млн тонна немесе 99,8%. Ел аумағы арқылы газ транзитінің көлемі 50,9 млрд текше метр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,9%-ды құрайды.
Биылғы 9 айда 91,7 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102%. 2026 жылға болжам – 126,5 млрд кВтсағатты құрайды.
Электр энергиясының тапшылығын азайту үшін, биыл шамамен 2,4 ГВт дәстүрлі энергетикалық қуаттарды енгізу жоспарлануда. Бұл Алматы қаласындағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарын жаңғырту жобалары, Түркістан облысындағы бу газ қондырғысының құрылысы, Атырау жылу электр орталығында он бірінші турбиналық агрегатын және он бесінші қазандығын іске қосу.
Қазіргі кезде:
- Қызылорда облысында қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысы;
- Текелі энергетикалық кешенінде қуаты 17 МВт болатын 3 қазандық және генераторы бар бу турбинасы қолданысқа енгізілді.
9 айда жаңартылатын энергия көздері нысандарынан электр энергиясын өндіру 7,8 млрд кВтсағат немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 121% болды. 2026 жылға жоспар – 8,8 млрд кВтсағатты құрайды.
2026 жылы жалпы белгіленген қуаты 245,8 МВт болатын 10 жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Биылғы 9 айдың нәтижесі бойынша жиынтық қуаты 212,6 МВт болатын 7 жаңартылатын энергия көздері нысандары қолданысқа енгізілген:
- жалпы қуаты 150 МВт болатын 4 жел электр станциясы нысандары;
- қуаты 62,6 МВт болатын 3 күн электр стансасы нысандары.
#Энергетика #Үкімет отырысы #ӘЭД«Жыл соңына дейін қуаты 30 МВт болатын 2 күн электр стансасын, сондай-ақ қуаты 3,2 МВт болатын 1 су электр стансасы нысанын қолданысқа енгізу жоспарланған. Отын-энергетика кешенінің дамытуы Министрліктің тұрақты бақылауында», — деп түйіндеді сөзін вице министр Ерлан Ақбаров.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу