Бизнесмендерге 2015 жылдары 40 млрд теңгеге жуық сомаға несиелер беріледі - А.Соловьева
ШОБ қолдаудың мемлекеттік шаралары аясында ағымдағы жылы бизнесмендерге 38,9 млрд теңге сомаға несие берілді, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева ОКҚ брифингінде.
«2011 жылға бөлінген несиелер көлемі 677 миллион, 2012 жылы 5 миллиард, 2014 жылы 23 миллиард, 2015 жылдың 1- ақпанына 38,9 миллиард теңгені құрады»,- деді А.Соловьева.
Оның айтуынша, аталған шаралар нәтижесінде жұмыс күштерін сақтау жиілігі 2011 жылы 13,2 мың адам болса, 2014 жылдың 1-ші қаңтарына ол 172,7 мыңға жетті
Шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері кеңейтіліп, 20-ға дейін жеткізіледі. Олардың 12-і қаржылық болса, 8-і қаржылық емес. Шағын және орта бизнесті қолдаудың тетіктерінің қатарына бизнесті несиелендірумен айналысатын екінші деңгейлі банктерді жатқызуға болады. Яғни қолдаудың негізгі құралы кепілдік беру, субсидиялау және бизнес-консультациялар болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз