Энергетика министрлігінің бюджеті 76,6 млрд астам теңге деңгейінде бекітілді

Энергетика министрлігінің бюджеті 20%-дық түзету нәтижесінде 76,6 млрд астам теңгені құрайды, деп хабарлады ведомствода.

«Энергетика министрлігінің бекітілген бюджеті 76629,8 млн теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, ағымдағы бағдарламалар бойынша 708,9 млн теңгеге әкімшілік, іссапарлық, капиталдық, сондай-ақ басқа да ағымдағы шығындар түзетілді.

Оған қоса, ведомствода нақтылағандай, 2014 жылдың соңында ұлттық қордан бөлінген 24,5 млрд теңге қаражатқа АЭА қатысушылары үшін электр энергиясы мен жоғары қысым өндіріп, беру үшін қуаттылығы 310 МВт болатын газтурбиналық электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асыру басталды.  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу