13 Шілде 2016, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Берік Қамалиев ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР Үкіметінің ресми сайты мәлімдегендей, одан бұрын Б.Қамалиев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті болып қызмет еткен.
Түрлі жылдары бірқатар коммерциялық құрылымдардың жетекшісі, «Казагропромтехника» облыстық бірлестігінің төраға орынбасары, Қарағанды облыстық автокөлік жолдары басқармасының басшысы болған.
2004-2005 жылдары - ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі.
2005-2006 жылдары - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің төрағасы.
2006 жылы Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары жөніндегі әкім орынбасары, кейінірек Қарағанды облысының бірінші орынбасары.
2009 жылы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
2010-2011 жылдары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары.
2011-2012 жылдары - көлік және коммуникациялар министрі.
2014-2015 жылдары - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
2015-2016 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті болған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу